«Астана Опера» театрында Камералық оркестр мен аспапты ансамбльдің тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» театрында Камералық оркестр мен аспапты ансамбльдің тұсаукесері өтеді

«Астана Опера» театрында Камералық оркестр мен аспапты ансамбльдің тұсаукесері өтеді

20 қарашада «Астана Опера» театрында Камералық оркестр мен аспапты ансамбльдің тұсаукесер-концерті өтеді.

  • 12 Қараша 2013
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады. Кеш бағдарламасында В. Моцарт, К.М. Вебер, Э. Грига, Й. Штраус, Н. Римский-Корсаков, Ф. Пуленка, А. Пьяццолла, А. Федянин, А.Ильинскийдің және т.б. шығармалары орындалады. Концертке Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы» арқау болады.

Театр бұл шығармамен 2 жарқын да жас ұжымның, «Астана Опера» театрының камералық оркестрі мен соқпалы аспаптар ансамблінің тұсауын кеседі. Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы» — Қазақстанда айтарлықтай сирек орындалатын туынды, ішекті және соқпалы аспаптардың ерекше серпінмен теңдесуін және орындалу әсемдігінің үйлесімділігін талап ететін тамаша сезімтал музыка.

Концерттің екінші жартысында камералық ансамбльдер тыңдарманды симфониялық оркестрдің аспаптарымен жақынырақ таныстырады, дуэттер, трио, квартеттер, квинтеттер, виолончельшілер ансамблі, валторн хорының орындауында жағымды тосын сыйлар жасалады.


Концерттің дирижері әрі жүргізушісі — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Перейти к новостям спорта