«Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы қазан айында болады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы қазан айында болады

«Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы қазан айында болады

«Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы қазан айында өтеді.

  • 18 Маусым 2013
  • 573
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

«Театрдың әлемдік премьерасы қазан айында өтеді. Ол қазақстандық сахнада алғаш рет қойылатын Дж.Вердидің «Аттила» операсымен ашылады», — деді министр.

Дегенмен, М. Құл-Мұхаммедтің атап өтуінше, театрдың ашылу салтанаты одан ертерек, 21 маусымда болады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» классикалық ұлттық операсын қою көзделген.

«Елорда күнін мерекелеу аясында 3 шілдеде Юрий Григоровичьтің қойылымындағы П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті өтеді»,-деді министр.

«Астана Опера» қаланың тағы бір айшықты символы ғана емес, барша астаналықтар мен елорда қонақтарының сүйікті өнер ордасына айналады.

Оның пайымынша, опера және балет театрының тұрғызылуы ол салынған елдің мәдениеті саласындағы ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықтың мәдени өміріндегі айтулы оқиға ретінде бағаланады. Мәселен, дамыған, бақуатты Еуропаның өзінде ХХІ ғасырда небәрі 2 опера театры ғана салынды. Оның алғашқысы 2005 жылы Копенгагенде, ал екіншісі 2008 жылы Осло қаласында бой көтерді.

«Енді бірнеше күннен кейін өнер сүйер қауымға есігін айқара ашатын «Астана Опера» өзінің классикалық, архитектуралық келбеті және театрға арналған осы заманғы техникамен жарақтандырылуы жағынан әсем Астананың тағы бір айшықты символы ғана емес, барша астаналықтар мен елорда қонақтарының сүйікті өнер ордасына айналатындығына кәміл сенемін», — деді ол.

Министрдің атап өтуінше, бұл Қазақстандағы опера мен балет сияқты өте күрделі қойылымдарды осы заманның ең биік талаптары тұрғысынан жүзеге асыруға бағытталған бірегей театр.

«Өйткені опера және балет театрының қойылымдарына жүзден астам адам қатысып, оларды хор, оркестр және балет труппасы сияқты ұжымдар жүзеге асырады», — деді М.Құл-Мұхаммед.

«Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымын іріктеу байқауы ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Министрдің атап өтуінше, театрдың шығармашылық ұжымын іріктеу үшін құрамына отандық және шетелдік мамандар енген арнайы байқау комиссиясы құрылды. Ағымдағы жылдың 3 сәуірі мен 31 мамыры аралығында байқаудың алдын ала кезеңі өткен. Ал негізгі кезеңі қыркүйек айында ұйымдастырылады. Ал оған дейін, нақты айтқанда, шілде айында байқау туралы ақпарат республикалық БАҚ-та жария етіледі жән өтінімдер 2 ай бойы қабылданады.

«Толықтай алғанда, біз әлемдік санаттағы театрды құруды мақсат тұтып отырмыз. Сондықтан да келісімшарт негізіндегі ынтымақтастыққа театр өнерінің танымал топ-менеджерлері, әлемдік ауқымдағы жұлдыздар шақырылатын болады. Қазірдің өзінде үздік еуропалық театрлармен тәжірибе алмасу бойынша уағдаластық бар», — деді министр.

Перейти к новостям спорта