«Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде

«Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде

2013 жылы «Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 273
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған.

«Тұрғындар тарапынан көптеген өтініштердің түсуіне байланысты 2013 жылдан бастап «Астана — Орал» және «Павлодар — Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде», — делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, биыл жолаушылар пойызы мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің стандарттары әзірленген. Ондағы мақсат — жолаушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай әдісін енгізу және сапасын арттыру. Аталған стандарттар қазір келісілуде және 2013 жылы бекітілетін болады.