Жарияланды: 290

«Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде

2013 жылы «Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде.

Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған. «Тұрғындар тарапынан көптеген өтініштердің түсуіне байланысты 2013 жылдан бастап «Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде», - делінген ведомство ақпаратында. Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, биыл жолаушылар пойызы мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің стандарттары әзірленген. Ондағы мақсат - жолаушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай әдісін енгізу және сапасын арттыру. Аталған стандарттар қазір келісілуде және 2013 жылы бекітілетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін