Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Қазір менің балаларымның сана сезімінде «Рухани жаңғыру» ол — қазақ тіліне уақыт бөлу, тілді машықтандыру деген ұғым қалыптасты" деп жазыд тележүргізуші желідегі парақшасында.
Тележүргізушінің айтуынша, әр отбасында қазақ тілін дамыту үшін атсалысып қазақ тілінде сабақ өту керек.
"Қазақ тіліне уақыт бөлу, тілді машықтандыру? Осы сен секілді қызыл тілдің иелері Айнұр Тұрсынбаева, т. б эфирден түспейтін қыздардың отбасында "қазақ тіліне машықтану" деген әңгіме қозғалса, кімге ақыл айтасыңдар? Баланың орысша сөйлегенін мәртебе көресіңдер. Қазақ бола тұрып, қазақ елінің топырағын басып, суын іше тұрып неге өзге тілді пір тұтасыңдар? Жұлдызсымақтарың бәрінің балалары қазақ тілінде таза сөйлей алмайды. Тілдері бұралып, есіл тілді қор қылып тұрғандары сол… Өйткені, аналары үйінде ресей тілінде сөйлейді. Астана осындай жеңілтектерге толып бітті"