Astana Piano Passion» байқауы І сыйлығы иегерлерінің педагогтары ақшалай сыйлық алады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Astana Piano Passion» байқауы І сыйлығы иегерлерінің педагогтары ақшалай сыйлық алады

Astana Piano Passion» байқауы І сыйлығы иегерлерінің педагогтары ақшалай сыйлық алады

Жас пианистердің І Халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауының жүлде қоры Қазақстанда бұрын болмаған көлемімен таңқалдыруда,

  • 16 Қаңтар 2013
  • 380
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты фестивальді ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Жас пианистердің байқауына 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысады. Тыңдау үш жас ерекшелігі тобында өтеді:

1 — кіші топ — 10 жасқа дейін қоса алғанда;

2 — орта топ — 11 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда;

3 — ересек топ — 15 жастан 18 жасқа дейін.

Байқаудың Гран-приі — кабинеттік акустиклық Yamaha роялін кез келген жас тобының өкілі жеңіп ала алады. Ал ақшалай жүлделер жас ерекшелігіне қарай әртүрлі:

Бүлдіршіндер тобы

1 сыйлық — 4000 АҚШ доллары

2 сыйлық — 2000 АҚШ доллары

3 сыйлық — 1000 АҚШ доллары

Орта топ

1 сыйлық — 7000 АҚШ доллары

2 сыйлық — 5000 АҚШ доллары

3 сыйлық — 3000 АҚШ доллары

Ересек топ

1 сыйлық — 10000 АҚШ доллары

2 сыйлық — 7000 АҚШ доллары

3 сыйлық — 5000 АҚШ доллары

Сондай-ақ, байқаудың І сыйлығының лауреаттары атанған байқауға қатысушылардың педагогтарының әрқайсысына — 1000 АҚШ долларынан сыйлықтар қарастырылған.

Пианистер байқауының жас қатысушыларына көркемдік жетекші — Денис Мацуевтің арнайы сыйлықтары да тағайындалған. Атап айтар болсақ, Францияның Анси қаласында өтетін әйгілі «Crescendo», «Annecy Classic» және Ресейдің Иркутск қаласында өтетін «Жұлдыздар Байкалда» халықаралық фестивальдеріне жолдама. Сондай-ақ, Денис Мацуев дарынды жастарға «Жаңа Есімдер» Аймақаралық қайырымдылық қорының көмегімен Суздаль қаласының жазғы лагерінде демалуға жолдама береді.

Бұған қоса, Астана әкімдігі Қазақ композиторының шығармасын үздік орындаушыға жүлде тағайындаған. Тағы екі арнайы сыйлықты Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жеке дайындаған, ол өскелең ұрпақты рухани дамытуда айтарлықтай маңызға ие классикалық фортепиано музыкасының насихатталуына, сондай-ақ Қазақстанның жас дарын иелеріне шығармашылық жолды бағындыруда алғашқы баспалдақтан-ақ қолдау көрсетуге қамқорлық жасап келеді.

Сонымен бірге әрбір жас санатындағыларға оқу гранттары, арнайы және ынталандыру сыйлықтары берілуі мүмкін. Байқаудың дипломанттары құрметті дипломдармен марапатталады.

Перейти к новостям спорта