деп хабарлады ұйымдастыру комитетінен.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар
![]()
Бейсенбіде салтанатты рәсім кезінде жеңімпазға награданы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов табыс етті.
«Біздің конкурста жеңілгендер жоқ. Жолы болмайтындар да жоқ. Қолын бірден сілтей салатын адамдар ғана бар. Әлемде қажырлы еңбекке тең келетін ештеңе жоқ. Қажырлы еңбектің арқасында шеберлігің ұшталады, шеберлік пен дарындылық даңққа жеткізеді. Сахнада тұрған жас достарыма сендер бәрің де жеңімпазсыңдар, деп айтқым келеді», деді И.Тасмағамбетов конкурсқа қатысушыларға арнаған сөзінде, оның сөздері хабарламада келтірілген.
А.Кутузовқа конкурстың арнайы жүлдесі кабинеттік акустикалық рояль табыс етілді. Жастары бойынша іріктелген үш топтағы жеңімпаздар ақшалай сыйлық алды. Конкурстың бірінші сыйақысын алған лауреаттардың ұстаздары 1 мың доллардан алды.
Жас пианистердің «Аstana Piano Passion» конкурсы Астанада бір апта бойы болды. Оған 12 елден дарынды балалар қатысты.
Мұндай екінші конурс 2014 жылы өтеді деп көзделген.