Өтініштерді қабылдау шамамен келесі жылдың басында басталады. Осылайша биылғы оқу жылында балалардың алдын-ала таңдаған бағдарламаларына дайындалу уақыты көбірек болады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар 2013 жылы өткен іс-шара тәжірибесін есепке ала отырып, байқау бағдарламасында кішігірім өзгеріс болатынын ескертеді.
Байқаудың негізгі мақсаты — жас дарын иелерін қолдай отырып, орындаушылық өнер әдістерімен халықаралық алмасу және Қазақстандағы фортепианолық мектептер дәстүрін нығайту. Сонымен қатар, жас пианисттер байқауының Астана қаласында өтуі, жастар арасында классикалық музыканы насихаттауға ерекше ықпал етеді, бұл өсіп келе жатқан ұрпақты рухани тәрбиелеудің негізі болып табылмақшы.