Астана полицейлері анасымен бірге бір жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полицейлері анасымен бірге бір жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады

Астана полицейлері анасымен бірге бір жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады

Астана полицейлері анасымен бірге бір жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

  • 9 Маусым 2011
  • 314
Фото - Caravan.kz

Оқиға 7 маусым күні, таңертеңгі сағат 10 жарымда болды. Бейбітшілік көшесімен Жангелдин көшесіне қарай бет алған белгісіз тұлғаның басқаруындағы «Toyota Estima» көлігі «Визави» дәмханасының жанында қолында 1 жасар баласы бар 29 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан дереу ізін суытқан.

Жол-көлік апатынан зардап шеккен бір жасар сәби Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің қойған диагнозы: «бас сүйек пен мидың жабық жарақаты, бас миының соғылуы және желке сүйегінің сынуы».

Оқиғадан кейін бірнеше сағат бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген жол полициясы қызметкерлері «Toyota Estima-ның» 30 жастағы жүргізушісі — Астана қаласының тұрғынын анықтап, қолға түсірді.