Астана полицейлері шырша сатудың заңдылығын тексереді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полицейлері шырша сатудың заңдылығын тексереді

Астана полицейлері шырша сатудың заңдылығын тексереді

Жаңа жыл қарсаңында Астана қалалық Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Шырша» жедел алдын алу шараларын өткізеді. Шараның мақсаты - табиғатты қорғау органдарына жәрдем беру бойынша қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау және сатудың жолын кесу.  

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 451
Фото - Caravan.kz

ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері елорда маңындағы «жасыл белдеу» аумағынан қылқан жапырақты жас бұталардың заңсыз кесілуіне, олардың сауда нүктелеріндегі заңсыз сатылымына ерекше назар аударатын болады. Полиция қызметкерлері мен «Астана орманы» және «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінен құралған жедел топ жас шыршаларды заңсыз кесудің алдын алу үшін тәулік бойына кезекшілік жасайды.

Қылқан жапырақтыларды заңсыз тасымалдауды болдырмау үшін жол-патруль полициялары да күшейтілген тәртіпке көшеді.

«Қазіргі таңда Астанада қылқан жапырақты ағаштарды Астанада сатудың бірқатар орындары белгіленген. Бұлар: «Мерей» орталық және шағын базары, «Әсем» сауда үйі, «Сарыарқа», «Магнум», «Астықжан», «Алма», «Жаннұр», «Гүлжан», «Орбита», «Жастар» және «Артем» сауда орындары. Сатушылардың барлығында Ресейден әкелінген болса қылқан жапырақтыларды әкелу мен сатуға қатысты құжаттары болуы керек», — дейді ІІД ӘПБ бастығының орынбасары 
Игорь Горбунов.


Оның айтуныша, қазірдің өзінде Астанада қылқан жапырақты ағаштарды белгіленген орындарда сатуға қатысты заңсыздықтардың 6 фактісі тіркелген. Жаңа жылды қарсаңындағы «Шырша» жедел алдын алу шарасы 31 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар