Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Астана қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығының «102» нөміріне тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде зорлықпен өлтірілген екі әйелдің мүрделері табылғаны туралы хабарлама түсті.
24 желтоқсан күні астаналық ІІД-нің тергеу бойынша басқармасының қызметкерлері бұл қылмысты жасаған ер адамды ұстады. Ол аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады. Оның айтуынша, қылмыс пайдакүнемдік салдарынан жасалды.
Күдікті азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.