Астана полициясының аға лейтенанты самбодан Қазақстан чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полициясының аға лейтенанты самбодан Қазақстан чемпионы атанды

Астана полициясының аға лейтенанты самбодан Қазақстан чемпионы атанды

Астана полициясының аға лейтенанты Әлия Жылқыбаева самбодан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы елордалық Ішкі істер департаментінен хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты Жезқазған қаласында өтті. Онда елдің 16 қаласынан мыңнан — тұлпар, жүзден — жүйрік спортшылар бақ таластырды.

72 келі салмақтық дәрежеде өнер көрсеткен Ә.Жылқыбаева, алғашқы додаларда төрт спортшыны жеңсе, ақтық сында семейлік балуанға қимыл жасауға мүмкіндік бермей, оны 12:0 есебімен ұтты. Бұл жеңіс Әлияға алдағы қыркүйек айында Литвада өтетін Әлем чемпионатына жолдама берді. Оған дейін ол Павлодар қаласында өтетін халықаралық турнирге, Орал қаласындағы спартакиадаға қатыспақ.

Халықаралық спорт шебері, дзюдодан спорт шебері Әлияның бұл — алғашқы жеңісі емес, 2009 жылы Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында ол Қазақстанға 1-ші орынды алып келді. Осы жылдың желтоқсан айында грек елінде өткен самбодан Әлем чемпионатында 3-ші орынды қоржынына салып қайтты.

«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Ә.Жылқыбаеваны жеңісімен Астана қаласы ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Демеуов арнайы құттықтады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера