«Astana Pro Team» командасы Оман турындағы жарыс жолын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Astana Pro Team» командасы Оман турындағы жарыс жолын бастады

«Astana Pro Team» командасы Оман турындағы жарыс жолын бастады

11 ақпан күні велоспорттан «Оман туры» басталды. Оман Сұлтанатында алты күн бойы өтетін бұл байрақты бәсекеге «Astana Pro Team» командасынан 8 спортшы қатысуда.

  • 11 Ақпан 2013
  • 556
Фото - Caravan.kz

Олар — Арман Камышев, Дмитрий Муравьев, италияндық Винченцо Нибали, Якопо Гуарниери, украиндық Андрей Гривко, Дмитрий Груздев, американдық Эван Хуффман және словениялық Борут Бозич. Қазақстандық кәсіпқой велоклубтың спорт директоры словениялық Горазд Штангели.

«Астаналықтардың» баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Оман туры өзінің географиялық көршілесі Катар турынан айтарлықтай ерекшеленеді.

«Катар турының әрбір күнінде жел айқындаушы фактор болған еді. Онда аяқ та маңызды рөл атқарды. Енді Оман турында кезеңнің тағдырын таулар шешетін болады. Бұл өте қызықты жарыс болмақ», — дейді Горазд Штангели.

Оның айтуынша, бұл бәсекеде «астаналықтар» таулы жерлерде үздік нәтиже көрсетіп жүрген командаластары Винченцо Нибалиге көмек көрсететін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера