Astana Pro Team командасының шабандозы Дубайда екінші орыннан көрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Astana Pro Team командасының шабандозы Дубайда екінші орыннан көрінді

Astana Pro Team командасының шабандозы Дубайда екінші орыннан көрінді

Қазақстандық Astana велокомандасының шабандозы «Тур Дубай-2015» додасында мәре сызығын екінші болып кесті, деп хабарлады  www.24.kz.

  • 5 Ақпан 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz


Андреа Гуардини бельгиялық қарсыласы — Etixx-Quick Step командасының мүшесінен 4 секундқа қалыс қалды. Осылайша, Марк Кавендиш жарыс көшбасшысы атанды. Гуардинидің бұл табысында Тур де Франс-2014 турнирінің жеңімпазы Винченцо Нибалидің үлесі бар екендігін айта кеткен жөн. Үздік үштікті италиялық Team Sky командасының мүшесі Элия Фивиани түйіндеді. «Тур Дубай-2015» жарысының қатысушылары әлі 3 кезеңді басып өтуі тиіс. Ақтық сын 7 ақпан күні өтеді.