Astana Pro Team велошабандозы Э.Гаспаротто өткен жылғы атағын қорғап қала алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Astana Pro Team велошабандозы Э.Гаспаротто өткен жылғы атағын қорғап қала алмады

Astana Pro Team велошабандозы Э.Гаспаротто өткен жылғы атағын қорғап қала алмады

Astana Pro Team велошабандозы Энрико Гаспаротто Амстел Голд Рейс додасында мәре сызығын тоғызыншы болып кесіп өтті.

  • 15 Сәуiр 2013
  • 376
Фото - Caravan.kz

Спортшы өзінің өткен жылғы атағын жарыстың ақтық сынында бағдардың өзгеруіне байланысты қорғай алмады. Бұл туралы Astana Pro Team велоқұрамасының ресми сайтында мәлім етілді.

Өткен жылы Астана құрамасы үшін өнер көрсететін итальяндық Э.Гаспаротто Кауберг шыңын бағындырып, жеңімпаз танылды. 2013 жылы жарысты ұйымдастырушылар мәре сызығын Кауберг шыңынан 2 шақырымға жуық ұзартты, бұл жарыстың тактикалық сипатын толығымен дерлік өзгертті.

Жексенбі, 14 сәуір күнгі жарыста жеңіске чех Роман Кройцигер жетті.

Амстел Голд Рейс — нидерландық Лимбургтің оңтүстік бөлігінде жыл сайын өтетін көктемгі классикалық бір күндік веложарыс. Ол Нидерландыда ұйымдастырылатын беделді додалардың бірі саналады және осы уақытта UCI World Ranking қамқорлығымен өткізілуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера