Жарияланды: 400

Астана прокурорлары жұмысшылардың құқын қорғады

Астана қаласының Сарыарқа аудандық прокуратурасы «КапиталСтройСервис» ЖШС мен «Тимченко» жеке кәсіпкерлігінің жұмысшылары алдындағы еңбекақы бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етті.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады. Прокурорлық тексеріс барысында «КапиталСтройСервис» ЖШС-нің 39 жұмысшыға жалпы сомасы 13 811 777 теңге, «Тимченко» жеке кәсіпкерінің 10 жұмысшыға жалпы сомасы 294 115 теңгені құрайтын еңбекақы бойынша берешегі бар екендігі анықталды. «Осыған орай, прокуратураның ұйғарымы бойынша барлық жұмысшылардың еңбекақылары толығымен төленіп, 49 азаматтың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін