Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Прокурорлық тексеріс барысында «КапиталСтройСервис» ЖШС-нің 39 жұмысшыға жалпы сомасы 13 811 777 теңге, «Тимченко» жеке кәсіпкерінің 10 жұмысшыға жалпы сомасы 294 115 теңгені құрайтын еңбекақы бойынша берешегі бар екендігі анықталды. «Осыған орай, прокуратураның ұйғарымы бойынша барлық жұмысшылардың еңбекақылары толығымен төленіп, 49 азаматтың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», — делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.