Астана қалалық әкімшілігі мен Башқұртстан үкіметі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық әкімшілігі мен Башқұртстан үкіметі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана қалалық әкімшілігі мен Башқұртстан үкіметі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бүгін, 15-қазанда Башқұртстан президенті Мұртаза Рахымовтың Қазақстанға сапары аясында Астана қалалық әкімшілігі мен Башқұртстан үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордасынан.

  • 15 Қазан 2004
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Келісім шеңберінде химия және мұнайхимиясы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, машина жасау және көлік инфрақұрылымын дамыту салаларында өзара ынтымақтастық жолға қойылады»,- делінген Астана қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада. Сол ақпаратқа сәйкес, келісім бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру, озық технологияларды ойлап табу және игеру, ғылыми зертханалар құру, семинарлар мен конференциялар өткізу, мамандық жетілдіру де көзделген.

Келісімде Астана мен Башқұрстан арасындағы мәдени байланыстар аясын кеңейту қарастырылған. Соған сәйкес көрмелер, өнер майталмандарының, кәсіби және көркемөнерпаздық ұжымдардың концерттерін, Қазақстан және Башқұртстан халықтарының мәдениет фестивальдары мен мерейтойларын ұйымдастыру, кинотүсіру саласындағы ынтымақтастықты өрбіту көзделіп отыр. «Бұл келісімді жүзеге асыру үшін Астана мен Башқұртстанда екі жақтың өкілдіктері ашылады»,- делінген баспасөз баянында.

Перейти к новостям спорта