Астана қалалық ІІББ екі аптаға созылған "Іздестіру" шарасының қорытындысын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық ІІББ екі аптаға созылған "Іздестіру" шарасының қорытындысын шығарды

Астана қалалық ІІББ екі аптаға созылған "Іздестіру" шарасының қорытындысын шығарды

Астана қалалық ІІББ қарашаның 15 мен 30 аралығында екі аптаға созылған "Іздестіру" шарасының қорытындысын шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 384
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 2-желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІББ қылмыстық полициясының басқармасы бастығының орынбасары Жанат Битеновтың хабарлауынша, шара аясында Астана қалалық полициясы қалалық ІІББ тарапынан іздеу жарияланған 60 адамның 21-ін ұстады. «Атап айтсақ, біз кісі өліміне қатысы бар екі күдіктіні, адам зорлаған екі күдіктіні, тонаушылыққа қатысы бар алты күдіктіні қолға түсіруге мүмкіндік алдық»,- деді Ж.Битенов.

Сонымен бірге Астана полициясының араласуымен ҚР ІІМ-нің басқа да аумақтық мекемелері тарапынан іздеу жарияланған басқа қалалардың 10 тұрғыны мен Ресей, Әзербайжан және Қырғызстан құқық қорғау органдары тарапынан іздеу жарияланған 6 адам қамауға алынды. Ж.Битеновтың айтуынша, қазір оларды экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.
Сондай-ақ, оның айтуынша, «Іздестіру» шарасының барысында Астана аумағында бұған дейін із-түзсіз кеткендер санатындағы 29 адамның, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген 18 жастың мекен-тұрағы анықталды. 23 мәйіт танылды.

Перейти к новостям спорта