Астана қалалық ІІББ жол полициясы басқармасы көліктерді себепсіз тоқтату тәжірибесіне тосқауыл қоймақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық ІІББ жол полициясы басқармасы көліктерді себепсіз тоқтату тәжірибесіне тосқауыл қоймақшы

Астана қалалық ІІББ жол полициясы басқармасы көліктерді себепсіз тоқтату тәжірибесіне тосқауыл қоймақшы

Астана қалалық ІІББ жол полициясы басқармасы "көліктерді себепсіз тоқтату тәжірибесіне тосқауыл қоймақшы". Бұл туралы бүгін, 29-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІББ жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Владимир Козак журналистерге хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Көліктер тек жол қозғалысының тәртібін ашықтан-ашық өрескел бұзған жағдайда ғана тоқтатылатын болады»,- деді ол. Сондай-ақ, В.Козактың айтуынша, жол полициясының басшылығы қазір «халық бұқара тарапынан жол полициясы қызметкерлерінің жұмысына ешбір сын-сөгіс немесе шағым айтылмауы үшін шаралар қолдануда».

«Қызмет бабына бақылау қоюға міндетті ішкі істер органдарының бар күші заңсыз алым-салық, қалта қағушылық пен дөрекелік деректерін жоюға жұмылдырылып отыр»,- деді ол.
Осыған байланысты В.Козак жұртшылыққа «жол полициясы қызметкерлері тарапынан жол берілген дөрекілік, сұғанақтық және оспадарлық әрекеттер туралы ІІББ-ның басшылығы мен жол полициясы басқармасына жедел хабарлап тұру» жөнінде өтініш жасады. «Мұндай әрекетке барған қызметкерлерді жұмыстан қууға дейін шара қолданылады»,- деп сендірді ол.
«Бұл — бір мәрте ғана қолданылған науқаншылдық шара емес дегенді жұртшылық түсінгені абзал. Біз бұл шараны жұмыс тиімділігі мен полицейлердің беделін арттыруға бағыттап тұрақты әрі мақсатты бағдарламаға айналдырмақпыз»,- деді В.Козак.

Соңғы жаңалықтар