«Көліктер тек жол қозғалысының тәртібін ашықтан-ашық өрескел бұзған жағдайда ғана тоқтатылатын болады»,- деді ол. Сондай-ақ, В.Козактың айтуынша, жол полициясының басшылығы қазір «халық бұқара тарапынан жол полициясы қызметкерлерінің жұмысына ешбір сын-сөгіс немесе шағым айтылмауы үшін шаралар қолдануда».
«Қызмет бабына бақылау қоюға міндетті ішкі істер органдарының бар күші заңсыз алым-салық, қалта қағушылық пен дөрекелік деректерін жоюға жұмылдырылып отыр»,- деді ол.
Осыған байланысты В.Козак жұртшылыққа «жол полициясы қызметкерлері тарапынан жол берілген дөрекілік, сұғанақтық және оспадарлық әрекеттер туралы ІІББ-ның басшылығы мен жол полициясы басқармасына жедел хабарлап тұру» жөнінде өтініш жасады. «Мұндай әрекетке барған қызметкерлерді жұмыстан қууға дейін шара қолданылады»,- деп сендірді ол.
«Бұл — бір мәрте ғана қолданылған науқаншылдық шара емес дегенді жұртшылық түсінгені абзал. Біз бұл шараны жұмыс тиімділігі мен полицейлердің беделін арттыруға бағыттап тұрақты әрі мақсатты бағдарламаға айналдырмақпыз»,- деді В.Козак.