Жарияланды: 390

Астана қалалық ІІД «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясын өткізді

Астана қалалық Ішкі істер департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының өкілдері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу

мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттарын арттыру мақсатында 17-19 мамыр аралығында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясын өткізді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш шараға қалалық Білім басқармасы мен Астана қалалық балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ акцияға қаланың 62 мектебінен 642 оқушы атсалысты. Олардың 257-і ішкі істер органдарында арнайы есепте тұрған кәмелетке толмағандар, 112-і жайсыз отбасынан шыққан балалар. «Акция барысында балалар Астана қалалық ішкі істер департаменті мен оның мұражайы және уақытша оқшаулау изоляторы, «Сарыарқа», «Есіл» аудандық ішкі істер басқармалары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Астана қалалық білім басқармасы сияқты бірқатар нысандарды аралады. Бұл нысандарда жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу мен оларды қызықтырған өзге де көптеген сауалдарға жауап берілді», - деді Н.Ораз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть