Астана қалалық Кедендік басқармасы жыл басынан бері 1,1 млн. теңгенің 571 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық Кедендік басқармасы жыл басынан бері 1,1 млн. теңгенің 571 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын әшкереледі

Астана қалалық Кедендік басқармасы жыл басынан бері 1,1 млн. теңгенің 571 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын әшкереледі

2003-жылдың 6 айында Астана қалалық Кедендік басқармасы жыл басынан бері 571 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын әшкереледі. Ол бойынша 1,116 млн. теңгенің айыппұлы өндіріп алынды. Бұл - өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштерден 3 есе артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Астана қалалық Кедендік басқармасынан хабарлады.

  • 14 Шiлде 2003
  • 518
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, сонымен қатар Астана қалалық соттарына жөнелтілген істердің сапасы артты. Мәселен, 2003-жылдың 6 айында 5 қылмыстық іс доғарылды. Ал өткен жылдың осы мерзімінде қылмыстық 54 іс аяқталған болатын.

Сонымен бірге өткен мерзімде Астана қалалық кедендік басқармасы кедендік төлемдерден жалтарғаны үшін деген бап бойынша екі, экономикалық контрабанда деген бап бойынша екі , барлығы 4 қылмыстық іс қозғады.
Кедендік басқарманың мәліметіне сәйкес, есепті мерзімде есірткі заттарының заңсыз саудасымен күрес нәтижесі өткен жылғы көрсеткіштерден үш есе артты. Айталық, 2003-жылдың 6 айында жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1 кг 790,18 грамм есірткі заттары, соның ішінде 1 кг 335,41 грамм героин тәркіленді. Есірткі заттарының заңсыз айналымын әшкерелеу және оған тосқауыл қою үшін кедендік басқарма құрамында мобильді топтар құрылып, транзитті жолаушы тасымалдаушы поездар мұқият тексерілетін болды. Сондай-ақ, Астанадан жолданатын пошталық сәлемдемелер иісшіл иттердің көмегімен күн сайын тексерілуде.
Сондай-ақ, кедендік басқарма кедендік іс саласында 6 құқық бұзушылық оқиғасын әшкерелеп, сол бойынша 6 әкімшілік іс қозғады, бір материал сот органдарына жолданса, бір іс бойынша қылмыстық іс доғарылды. Кедендік бақылау шараларының нәтижесінде 11 млн. теңгенің кедендік төлемдері мен салық жиналды, оның 11 млн. 088 мың теңгесі республикалық бюджетке аударылды.
2003-жылдың алғашқы жартысында шағын кәсіпкерлік саласына жүргізілетін тексерулер өткен жылғыдан 74 процентке азайды. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 27 тексеруге кем. Сонымен қатар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бір тексерудің үлесіне тиетін жазалық төлемдер көлемі 2,8 есе артып, 1 млн. 108 мың теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар