Астана қалалық соты монополияға қарсы күрес мекемесінің "ПетроҚазақстанға" қатысты қадамдарын заңды деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық соты монополияға қарсы күрес мекемесінің "ПетроҚазақстанға" қатысты қадамдарын заңды деп тапты

Астана қалалық соты монополияға қарсы күрес мекемесінің "ПетроҚазақстанға" қатысты қадамдарын заңды деп тапты

Астана қалалық соты ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау Агенттігінің "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ААҚ-на қатысты қадамдарын заңды деп тапты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 622
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі 2003-жылдың 1-қазанында «ПетроҚазақстан» компаниясының іс-қызметіне жүргізген тексеру нәтижесінде компанияны монополияға қарсы заң талаптарын бұзу арқылы 947 млн. теңгенің заңсыз пайдасын тапты деп айыптап, бұл қаржыны республикалық бюджетке аударуды талап еткен болатын. Ал «ПетроҚазақстан» компаниясы өз кезегінде агенттіктің мұндай шешіміне қарсылық білдіріп, өз әрекетінің заңсыздығын мойындаудан бас тартып, Агенттік шешімінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.

ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, «ПетроҚазақстан» ААҚ-ның шағымын қараған Астана қалалық соты «шағым иесінің монополияға қарсы заң талаптарын бұзу дерегіне жол беру, сондай-ақ, сотқа жауап беруші монополияға қарсы күрес Агенттігінің мәлімдемелері шындыққа сай келу дерегі анықталды» деген шешім шығарды. Соттың тұжырымына сәйкес, «шағым беруші «ПетроҚазақстан» ААҚ жанармай мен дизельдік отын сатуға Агенттікпен келісе отырып жоғары көтерме баға белгіленгеніне қарамастан, тауар нарығындағы үстемдік ахуалын пайдаланып, құқықтық-нормативтік құжаттар бойынша тағайындалған баға белгілеу тәртібін бұзу арқылы аталмыш өнімдердің бағасын білермендікпен қымбаттату жолымен 149 322 946 млн. теңгенің монополиялық пайдасын тапқан».
Сөйтіп, Агенттіктегілердің атап көрсетуінше, сот компанияның заң бұзу дерегін тек 2002-жылдың 6-тамызынан бастап қана есепке алғандықтан «монополиялық пайда мөлшері өте аз болып шықты». Осыған байланысты ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі «ПетроҚазақстан» ААҚ-ның 2002-жылдың 6-тамызына дейінгі заң бұзу көріністеріне монополияға қарсы күрес шараларын қолдану құқығын сақтап қалғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар