Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі басталды

Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі басталды

Бүгін, 10-қарашада Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

ПетроҚазақстан компаниясы сотқа түсірген өз шағымында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі өткізген шілденің 30 мен тамыздың 30-ы аралығындағы тексеру қорытындысына келіспеушілік білдіреді. Тексеру нәтижесі бойынша компанияға монополияға қарсы заңнамалардың талабын бұзу деректерін жою жөнінде нұсқау берілген. Ал «ПетроҚазақстан» ААҚ болса бұл нұсқауды қуатсыз деп танып, компанияның іскерлік беделіне келтірілген залал-зардапты өтеп беруді талап етіп отыр.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі «ҚазақМұнайГаз Сауда Үйі» , ішкі рынокта мұнай өнімдерінің көтерме саудасымен айналысатын «Меридиан П» және «ПетроҚазақстан» сынды үш компанияны монополияға қарсы заң талаптарын бұзу арқылы 1 млрд. 35 млн. теңгенің заңсыз пайдасын тапты деп айыптаған болатын.
5-қарашада мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов ПетроҚазақстан компаниясына қатысты сот тыңдауы ашық жағдайда өткізілеті деп хабарлаған еді. Алайда, бүгінгі сот мәжілісін ашқан сот төрешісі Айгүл Сапарова «шағым берушінің өтініші негізінде және жауап берушінің оған келісуі нәтижесінде» соттың отырысы жабық есік жағдайында өткізіледі деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар