Астана қалалық сотында жаңа тағайындаулар болды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, |
Қайырбеков Амангелді Зикенұлы Қарағанды облысы Қарағанды қаласының № 2 Октябрь аудандық сотының төрағасы қызметінен және Тәшетов Отан Мейрамханұлы № 2 Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Астана қалалық сотының судьялары болып тағайындалды. Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметінен хабарланды.
Сонымен қатар, Алжықов Қуанышбай Сақтапбергенұлы Қарағанды облыстық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты Астана қаласының Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен, Ташева Әлия Иманәліқызы Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты Астана қалалық сотының судьясы қызметінен, Тоқболатов Талғат Ибрагимұлы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрағасы болып тағайындалуына байланысты Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ басқа жұмысқа ауысуларына байланысты алып отырған лауазымдарынан өз еріктерімен Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Әлімжанова Маржан Жағыпарқызы және Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Курбатов Евгений Владимирович босатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін