Астана қалалық Жол полициясы басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің мерекесін кең ауқымды іс-шаралармен атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық Жол полициясы басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің мерекесін кең ауқымды іс-шаралармен атап өтті

Астана қалалық Жол полициясы басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің мерекесін кең ауқымды іс-шаралармен атап өтті

Бүгін Астана қалалық Жол полициясы басқармасында Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі кең ауқымды іс-шаралармен атап өтілді.

  • 22 Қыркүйек 2010
  • 749
Фото - Caravan.kz

Жол полициясы басқармасының мемлекеттік тілді дамыту бөлімінен мәлім еткендей, іс-шаралардың басты мақсаты — жол полициясы қызметінде мемлекеттік тілде іс жүргізу, құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік тілді кәсіби тілге айналдыру, салалық терминдерді қалыптастырып, бір жүйеге келтіру. Сонымен бірге, терминология саласында талас тудырып, екіұшты ойға әкеп соқтыратын сөздердің дұрыс баламасын табу болып табылады.

Бүгінгі таңда астаналық Жол полициясы басқармасында мемлекеттік тілді оқып үйренуге қажетті жағдайлар жасалған. Басшылық тарапынан аталмыш салада қолданылатын іс қағаздарды сауатты, әрі сапалы жазу талабы үнемі қойылады.

Мемлекеттік тілді дамытуға арналған іс-шаралардың басы, күнделікті таңсәріде өтетін орналастыру-тарату кезегінен басталады. Оған ЖПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бақытжан Малыбаев пен қалалық Ішкі істер департаментінен қонақтар қатысты. Шара барысында ЖПБ мемлекеттік тілді дамыту тобының аға инспекторы А.Р.Сыздықова, іс-шараның мақсаты мен мемлекеттік тілдің барлық аймақтық мекемелерде іс жүргізуде енгізілгенін айтып, жол полициясы басқармасының да қалыс қалмауы жөніндегі мәселелерін шешу жолдарын табуды атап өтті.

Осы күні сондай-ақ, ЖПБ-ның мәжіліс залында өзге ұлт өкілдерінің арасында үздік аудармашы сайысы өтті. Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.