Астана қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласы әкімінің екі  орынбасары тағайындалды

Астана қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

АСТАНА. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астана қаласының жаңа әкімі Асқар Мамин өзінің екі орынбасары етіп Ерік Сұлтанов пен Ермек Аманшаевты тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Қыркүйек 2006
  • 546
Фото - Caravan.kz

2005-жылдың маусым айынан бері «Қазақжолқұрылысы» ЖШС-ін басқарған 50 жастағы Е.Сұлтанов Елордасының экономикалық даму мәселелерімен шұғылданады. 2006-жылдың мамыр айынан бері президенттің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары болған 43 жастағы Е.Аманшаев әлеуметтік саланы жауаптанатын болады.

Е.Сұлтановтың екі жоғары білімі бар: ол «құрылыс және жол машиналары» және «автокөлік жолдары мен аэродромдарды салу және олардың жабдықтары» мамандықтары бойынша білім алған.

90-шы жылдардың аяғында Е.Сұлтанов ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің автожолдар департаментін басқарды. Бұдан кейін «Қазақавтожолдары» РМК директорының бірінші орынбасары болды. 2002-2005-жылдарда Көлік және коммуникациялар министрлігінің автожолдар комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Е:Аманшаев филолог маманы, 2000-жылдың наурыз айында Астана қаласы мәдениет департаментінің төрағасы, 2002-жылдан бастап ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы, мәдениет вице-министрі, мәдениет, ақпарат және спорт министрінің орынбасары болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта