Астана қаласында барлық мансардтық қабаттар бұзылады ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласында барлық мансардтық қабаттар бұзылады ма?

Астана қаласында барлық мансардтық қабаттар бұзылады ма?

Астана әкімдігі 2013 жылы мансардтық қабаттарға аспаптық тексерулер жүргізетін болада.

  • 15 Қараша 2012
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өзінің жеке блогында тұрғындардың сұрағына жауап берген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.

Қала тұрғыны Аязби Төлентаев: «Астана қаласында салынған мансард этаждарды шетінен бұзып жатыр. Бұзылмай қалғандары да бар. Әлде барлық мансардты бұзу жоспарда бар ма? Егер бұзылмаса, сол мансард қабаттардың құжаты қашан дайын болады?», — деп елорда басшысына сауал жолдады.

Өз кезегінде И.Тасмағамбетов «Техногендік және табиғи сипаттағы жағдайлар туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде іс-шаралар ұйымдастыратындығын айтты.

«Солардың қорытындысы бойынша, Астана қаласында 12 апаттық жағдайдағы тұрғын үй анықталды. Осыған орай мансардтарды бөлшектеп, үйлердің шатырларын қалпына келтіру жұмыстары қабаттарды тұрғызу кезінде құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылуы салдарынан туындаған жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою және оқшаулау аясында жүргізілуде. Құрылыстардың техникалық жағдайын бағалау және ықтимал ақауларды анықтау мақсатында басқарма 2013 жылы (тұрғын үйлерді) мансардтық қабаттарға аспаптық тексеруді жоспарлап отыр», — деді ол.

Және барлық туындаған сұрақтар бойынша Астана қаласы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасына хабарласуға болатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар