Жарияланды: 420

Астана қаласында қысқы қайырымдылық балы өткізіледі

2012 жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 19:00-де Астана қаласында ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қоғам назарын аудару мақсатымен Қысқы қайырымдылық балы өткізіледі, деп хабарлады «Болашақ» қауымдастығның бас пасөз қызметі.

Билеттер сатылымынан түскен қаражат «SOS Астана балалар қалашығы» тәрбиеленушілерінің еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқуына және Балалар қалашығында концерт алаңының құрылысына жұмсалады. Бағдарлама шеңберінде классикалық музыка ансамблінің, «Версия» вокалды-аспаптық ансамблінің, балет труппасының орындауында музыкалық нөмірлер, бал билері, лотерея, әйгілі қазақстандық суретшілер жұмыстарының аукционы өткізіледі. Лотереяда Еуропаның кез келген қаласына барып қайтуға үш билет, Chantecler зергерлік үйінің бағалы әшекейлері,елорданың таңдаулы мейрамханаларында үш рет тамақтану билеттері ойналады. Дресс-код: black tie, кешкі киім. Кешті әйгілі қазақстандық шоумен Серік Ақышев жүргізеді. Билет құны - 15 000 теңге. Іс-шараны «Air Astana» әуе компаниясының көмегімен «Radisson Astana» қонақ үйі мен «Болашақ» қайырымдылық қоры ұйымдастырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін