Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында Қазақстан журналистерінің кодексін салтанатты қабылдау отырысы өтеді
![]() |
Бүгін Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығының» ғимаратында Қазақстан журналистерінің Кодексін салтанатты түрде қабылдау отырысы өтеді. |
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құжат жобасын Қазақстан Журналистер одағы Бас редакторлар клубымен, сондай-ақ, еліміздің бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесе әзірлеген болатын. Аталмыш Кодексті қабылдау маңыздылығын Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» тақырыбымен жарияланған мақаласында ерекше атап өткен болатын.
Іс-шараға республикалық мерзімді басылымдардың бас редакторлары, телеарналар мен ақпараттық агенттіктердің басшылары, сонымен қатар, Қазақстан журналистер одағының аймақтардағы филиалдарының жетекшілері қатысады.
Отырысқа Қазақстан Журналистер одағының басшысы С.Б. Матаев пен Бас редакторлар клубының президенті К.М. Жолдыбай төрағалық етеді. Іс-шара шеңберінде телеарналар басшылары, республикалық газеттердің бас редакторлары, сондай-ақ, Қазақстанның тәуелсіз журналистері және Қазақстан журналистер одағының аймақтардағы филиалдарының жетекшілері сөз сөйлейді.
Кодексті талқылауға халықаралық мекемелер де қызығушылық танытып - Астана қаласындағы ЕҚҰҮ өкілдігі белсене қатысты, соның негізінде аталмыш жоба халықаралық құқық талаптарына қайшы келмейтіндігі айқын көрінді.
Кодексті талқылауға қатысты шаралар Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Семей, Павлодар және басқада қалаларда өтіп, жобаны қабылдау қажеттілігі атп өтілді.
Журналистердің этикалық кодексі отандық БАҚ-тардың қарқынды дамуына сәйкес және қазіргі заман талаптарына сай уақытылы қабылданғалы отыр, ол журналистер қоғамы мен Қазақстан халқының жауапкершіліктерін арттыра түспек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін