Астана қаласындағы құрылыс жұмыстары барысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия Елордасының дамуы туралы баяндаманы тыңдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласындағы  құрылыс жұмыстары барысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия Елордасының дамуы туралы баяндаманы тыңдады

Астана қаласындағы құрылыс жұмыстары барысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия Елордасының дамуы туралы баяндаманы тыңдады

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Астана қаласы жаңа әкімшілігінің құрылысы барысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті мәжілісінде басты тақырыптың бірі ретінде ел астанасында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жетіспеушілігін жою жолдарына қатысты ҚР білім және ғылым, ҚР денсаулық сақтау министрліктерніің ұсынысын қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2004
  • 798
Фото - Caravan.kz

Мәжілісте Астанада медициналық қызмет пен білімге қол жеткізу және білім беру сапасын жақсартудың негізгі жолдары қарастырылған Орта мерзімді даму бағдарламасының жобасы туралы Денсаулық сақтау министрінің, сондай-ақ Білім және ғылым министрінің ақпараттары тыңдалды. Министрлердің мәліметтерінде ауруханаларда, мектептер мен балалар бақшаларында орындардың жетіспеушілігі басты проблема екендігі айтылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Астанадағы алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету нысандарының барлығы да нысанның негізгі жұмысына лайықсыз мекен-жайларға орналасқан. Бұл балалар емханалары бөліміне де қатысты. Ересектер емханасына баратындардың саны жоспарда көрсетілгеннен 2-3 есе, ал балаларға арналған емханаларда 4 есеге дейін артық болып келеді.
Астана ауруханаларында орын жетіспеушілігі анық байқалып отыр. Мысалы, қалаға стационарлық көмек көрсетуде ересектерді емдеу үшін 600-ден астам, ауру балалар үшін 700-ден астам қосымша орын қажеттігі туындайды, гинекологиялық және акушерлік көмек көрсету үшін ауруханада орындар жетіспейді. Көптеген балабақша мен мектептерде де осындай жағдай қалыптасқан.
Мемлекеттік комиссияның отырысында Астанада телекоммуникация саласын дамытуға байланысты мәселе де тыңдалды. «Астананы байланыспен қамтамасыз ету алгоритмі құрылды, телефонмен қамтамасыз ету деңгейі заман талабына сай болып табылады»,- деді мемлекеттік комиссия төрағасы Даниал Ахметов.

Перейти к новостям спорта