Астана қаласының әкімі тұрғын үй департаментіне бұзылатын үйлерді бағалау обьективтілігін бақылауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласының әкімі  тұрғын үй департаментіне бұзылатын үйлерді бағалау обьективтілігін бақылауды тапсырды

Астана қаласының әкімі тұрғын үй департаментіне бұзылатын үйлерді бағалау обьективтілігін бақылауды тапсырды

Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев тұрғын үй департаментіне "Слободка" ауданындағы бұзылатын үйлерді бағалау обьективтілігін бақылауды тапсырды. Бүгін, 11-мамырда аудан тұрғындарымен кездесуде қала басшысы осындай тапсырма жүктеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2005
  • 517
Фото - Caravan.kz

«Бұл жерде мәселе бұзылуға тиіс даулы 40 үй туралы болып отыр»,- деді әкім.

Оның айтуынша, бұл үйлер сапасына қарай бір шаршы метрі үшін 700-1000 АҚШ долларына бағаланып отыр. «Бұл — лайықты баға»,- деді әкім.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 11-мамырда Елордасындағы «Слободка» аудынының бір топ тұрғыны бұзылатын үйлер үшін берілетін өтемақы мөлшерін қайтадан қарауды талап етіп орталық алаңға шықты.
Наразылық шарасына 50-дей адам қатысуда. Олар әкімшілік бөлген қаржы «Астананың қиыр шетіндегі аудандардан ғана» баспана сатып алуға әрең жетеді дегенді алға тартады. Ал «Слободка» — қала орталығындағы аудан.
Әкімнің пікірінше, адамдарды наразылық шарасына шығуға «өзара бәсекелесуші фирмалар мен рыноктан тысқары қалған компаниялар мәжбүрлеп отыр». «Олар наразылық шарасына шығу арқылы көбірек ақша алу мүмкіндігі бар деген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде»,- деді Ө.Шүкеев. «Сол себепті біз мәселені адамдармен бірлесе талқылау үшін оқиға орнына келіп отырмыз. Бірақ шын мәнісінде үйлерді бағалау — әкімшіліктің құзырына жатпайтын сала. Құрылысты салған компанияның бағасына негіздей отырып шешімді сот шығарады»,- деді әкім журналистерге.

Перейти к новостям спорта