«Астана қаһармандары»- «Первопроходцы Астаны» кітабының тұсаукесері өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана қаһармандары»- «Первопроходцы Астаны» кітабының тұсаукесері өткізіледі

«Астана қаһармандары»- «Первопроходцы Астаны» кітабының тұсаукесері өткізіледі

Елордада «Астана қаһармандары»- «Первопроходцы Астаны» кітабының тұсаукесері өткізіледі. Бұл ақпаратты «Түгел» баспасөз клубы таратып отыр.

  • 24 Қазан 2011
  • 503
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 25 қазаны күні Ұлттық академиялық кітапханада қаламгерлер Дәурен Мұса мен Сәдібек Түгелдің «Астана қаһармандары» — «Первопроходцы Астаны» кітабының тұсаукесері өткізіледі. Бұл басылым ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып шығарылды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жобаның мақсаты — жаңа елордамыз Астанаға ұлы көшпен алғашқы келген азаматтардың еңбегін елеп, мерейін өсіру болып табылады. Кітап толыққанды болу үшін — редакция ұжымы Астанаға тұңғыш келгендердің анкетасын шығарған болатын. Оны 1997 жылдың 1 маусымынан 1999 жылдың 1-ші қаңтары аралығында елордаға келгендер толтырды. Кітап бір томмен шектеліп қалмайды. Материалдардың жиналуына қарай 2-ші, 3-ші болып жалғаса береді.

Перейти к новостям спорта