Астана Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатыр

Астана Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатыр

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Барша қазақстандықтар аталмыш тарихи датаны алдағы демалыс күндері, 11-13 қыркүйекте атап өтеді.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 574
Фото - Caravan.kz


«Қазақ Елі» алаңында 50 киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, спорт алаңдары, алтыбақандар, тайқазан және т.б. орнатылды. Мерекелік шараны шамамен 10 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланған.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұсынады. Еліміздің әр өңірі үздік хореографиялық ұжымдардың, ансамбльдердің, халық және эстрада өнерінің солистерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламадан басқа, көрермендер назарына «Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнепрезентациясын, «Қазақ ұлттық киімінің тарихы арқылы халық тарихын жеткізу» атты сән фестивалін, «Сиқырлы би әлемі» би фестивалін, «Бірлігіміз жарасқан» атты Қазақстан халқы достығы концертін, «Ғасырлар үні» этно-концерті ұсынылады. Бұдан басқа, этноауылда жетім балаларға арналған экскурсия және астаналық дарынды жастардың қатысуымен концерт өткізіледі. 

Аталмыш шарада қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақ, бұқа тартыс, арқан тартыс, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Мерекелік шаралар бағдарламасына сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкелері, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері енгізілді.

Барлық облыстардың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруі үш күнге жалғасатын мерекенің көркін келтірмек. Шара  12 қыркүйекте сағат 10.00-де «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтпекші. Осы күні сағат 19.00-де өңірлердің ең үздік номерлері гала-концертте көрермендер назарына ұсынылады.

1 

3 

2 

4  

6 

7 

8 

9 

10 

11 

12 

13 

14 

16 

15 

17 

18 

19 

20 

21 

22 

null 

null 

null 

null

Соңғы жаңалықтар