Астана Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлап жатыр

Астана Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлап жатыр

Астана Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатыр. Салтанатты жиынды Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашып берді. Бабаларымыздың рухына арналған шараға Елбасы шетелдік әріптестерін де шақырыпты. Халқымыздың қуанышына  ортақтасып Қырғызстан, Әзірбайжан президенттері және Түркия мен Түркіменстанның өкілдері келді. Мереке үш бойы өтеді. Назарбаев қонақтарға қаржылық қиындыққа қарамастан қазақтың ұлан-асыр той тойлауының мәнін түсіндірді.

  • 12 Қыркүйек 2015
  • 635
Фото - Caravan.kz

Астанадағы жиын Қазақ хандығының 550 жылдығының қорытындысы деуге болады. Өйткені биыл аймақтар жаппай тарихымызға тағзым етіп, өткенімізді еске алды. Енді бүгін жұрт алдында жүрген азаматтардың барлығы бас қалада бас қосты.

Мерекелік шараға арнайы келген ғалымдар жылға жалғасқан бұл тойды кіре берісте қызу талқылап жатты. Айтуларынша, тарихи шараның кем-кетігі де жоқ емес екен. 

Сұлтан Хан Аққұлы, тарихшы:

— Қазақ хандығының ең маңызды сұрақтары қалып қойды. Біріншіден,  Қазақ хандығы тарих сахнасынан қай жылы кетті, қандай тарихи жағдайда? Кенесары ханның бас сүйегін елге алып келіп зор мәртебемен жерлемесек, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау толық болмайды.

Ал Нұрсұлтан Назарбаевты ұлы тоймен құттықтап  Әзербайжан, Қырғызстан президенттері Илхам Әлиев пен Алмасбек Атамбаев және Түркия мен Түркіменстанның өкілдері де келді. Елбасы қонақтарға  ең алдымен  қандай қиын заман болса да қазақ бұл күнді тойлауға тиіс екенін, алыстағы ағайынның басын қосып, хандығымыздың  550 жылдығын өткізудің себебін түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгін той ең алдымен батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету, олардың тағдырдың сан-алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихтан тағылым алу үшін өткізіліп отыр.

Мемлекет басшысы Кеңес үкіметі кезінде  жас ұрпақ қазақтың айбынын асырған ұлы хандар мен батырларды  танымақ түгілі, тіпті оларды жамандап құрметке бөленгендердің де болғанын еске алды. Тарихымыздағы мұндай әділетсіздіктің тек тәуелсіздік деген ұлы жеңістен кейін ғана жойылғанын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Абылай хан айтқан екен:  үш арманым бар еді деп. Біріншісі,  елімді бейбіт өмірге жеткіземін деп едім, қан көп төгілді.  Екіншісі, халқым кент сала алмады. Үшіншісі,  елдің басын біріктіре алмадым деп армандаған екен. Абылайдың асыл армандары тәуелсіздік тұсында түгел орындалды деп айта аламыз бүгін.

Ұлы даладағы қазақ хандығының тарихы әріқ арай әлемнің 18 елінен келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері халықаралық ғылыми конференцияда талқылады.

Жәудір Оразхан, тілші:

Айтқандай, Прездиент Қазақстанды ұлы дала деп атау жөніндегі ойын бүгін де қайталады. Бұл Қазақ хандығының 550 жылдығына арнлаған ресми шаралар болатын. Жалпы, Астанада ұлан-асыр той жалғасып жатыр. Мерекенің басы-қасында әріптестерім жүр. Досжан, елордалықтар тарихи шараны қалай тойлап жатыр?

Досжан Маратұлы, тілші:

— Рахмет, Жәудір. Иә, бүгін нағыз дүбірлі той. Еңселі қазақ елі бұл күнді ұзақ күтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Астанадағы мерекелік шаралардың ең ауқымдысы «Қазақ ел»Монументінің алдында өтуде.

Мұнда нағыз қазақтың ауылы бой көтерген. Еліміздің әр өңірі өз киіз үйлерін тігіп, айналаға қазақы иіс беріп тұр. Әртістер думан басталмай тұрып, осында соңғы дайындықтарын пысықтады. Бірі қара бояуға малынып жатса, әжелеріміз кимешектерін киіп әдеміленіп алды. Артынан құлақ құрышын қандырар түрлі әндер айтылып, жұрттың делебесін қоздырды.

Айнала нағыз той думан. Ал киіз үйлердің іші мұражай. Көненің көзі көпшілікке ұсынылған. Қорымдардан табылған әшекей бұйымдар мен қазақ жауынгерінің киімі ерекше көздің жауын алып тұр. Ал мына қылыш 17-ші ғасырға тиесілі. Талай жаудың жанын алған қару әлі сақталған.

Ал сыртты қызу жәрмеңке. Түрлі зергерлік бұйымдар мен қыш құмыралар жасалып, жігіттер жағы қамшы, ал әжелеріміз тоқыма өнерінің қыр-сырын көрсетіп жатыр.

Бір ай кетеді. Бірақ мен тоқымаймын. Оқушыларым тоқиды. Былай екіге бөліп беремін. Отырып тоқиды.

Мерекенің осындай ауқымдылығы жұртты тәнті етті. Сәт сайын адам қарасы көбейіп уақытты тамаша өткізді. Ал балғындар алтыбақан теуіп көненің көзімен танысқандарына мәз. Әсіресе, шетелдік меймандар қазақтың осындай тойын көріп аң-таң.

Ник Филдинг, Ұлыбритания азаматы:

— Бәрін көріп таңқалып келемін. Қазақтың мәдениеті недеген бай. Өте керемет.

Қазақтың тойы ұлттық ойынсыз өткен бе? Шет елдіктер осылай аузын ашып жүргенде «асық ату» басталды. Ал алыптар «Бұқа тартыс» ойнап, артынан арқанмен әуре болды.

Кейін тойшыл қауым сахна алдына жиналды. Мұнда театрландырылған қойылымды тамашалады. Ал дәл қазір Мұз сарайында да думанды концерт өтіп жатыр. Қазақ хандығының мерейтойына арналған «Мәңгілік ел» деп аталатын қойылымға 3 мың адам қатысуда. Олар қазақ халқының тарихын 7 кезеңге бөліп көрсетеді. Абылайды ақ кілемге көтеріп хан сайлағаннан бастап, тұңғыш қазақтың ғарышқа ұшқаны мен күні бүгінге дейін. 

Осылайша Қазақ хандығының 550 жылдығы дүркіреп өтіп жатыр. Әрі бұл мерекелік шаралардан қазақы иіс пен ұлттық рухтың желі ерекше есіп тұр. Сөйтіп, еліміз жарты ғасырдан астам тарихы тереңдегі ел екенін күллі әлемге танытуда. 

Соңғы жаңалықтар