"Астана - Қостанай -Челябі" автомобиль жолының 81 шақырымдық жол бөлігінде қозғалыс ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана - Қостанай -Челябі" автомобиль жолының 81 шақырымдық жол бөлігінде қозғалыс ашылды

"Астана - Қостанай -Челябі" автомобиль жолының 81 шақырымдық жол бөлігінде қозғалыс ашылды

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы 27 қарашада Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербековтің қатысуымен "Астана-Қостанай-Челябі" автомобиль жолының 81 шақырымдық жол бөлігінде қозғалыс ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2008
  • 546
Фото - Caravan.kz

Жоба Автомобиль жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты — жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесін жетілдіру, жұртшылық пен ел экономикасының сұранысын қамтамасыз ету үшін автомобиль жолдарының көліктік пайдалану көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

Қайта салу басталғалы екі учаскеде 6 154,6 млн теңге игерілді. Жабай және Колутон өзендері арқылы 2 көпір жөнделді, 2 шақырым электр өткізу желілері қайта тартылды, 44 су өткізетін дөңгелек құбырлар жасалып, жөнделді. Бұл автомобиль жолындағы жалпы жөндеу жұмыстарын 2010 жылы аяқтау көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар