Жоба Автомобиль жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты — жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесін жетілдіру, жұртшылық пен ел экономикасының сұранысын қамтамасыз ету үшін автомобиль жолдарының көліктік пайдалану көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.
Қайта салу басталғалы екі учаскеде 6 154,6 млн теңге игерілді. Жабай және Колутон өзендері арқылы 2 көпір жөнделді, 2 шақырым электр өткізу желілері қайта тартылды, 44 су өткізетін дөңгелек құбырлар жасалып, жөнделді. Бұл автомобиль жолындағы жалпы жөндеу жұмыстарын 2010 жылы аяқтау көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті