«Астана» құрамасының велошабандозы жүк көлігімен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» құрамасының велошабандозы жүк көлігімен соқтығысты

«Астана» құрамасының велошабандозы жүк көлігімен соқтығысты

Қазақстандық «Астана» құрамасының велошабандозы Энрико Гаспаротто «Амстел Голд Рейс» додасының алдындағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады.

  • 12 Сәуiр 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы велотоптың ресми сайтына сілтеме жасаған Vesti.kz тілшілері мәлімдеп отыр.

Итальяндық велошабандоз «Астана» құрамасының спорттық директоры Стефано Дзанинимен бірге Комо өзенінің маңында жаттыққан. Алайда тас жолға кенеттен тасымал фургоны шыққан екен. Дзанини өзінің скутерінің тежегішін басып үлгерген, ал Гаспоротто жылдамдықты азайта алмай, алдымен жүк көлігіне соғылып, кейін жолға құлаған.

Абырой болғанда велошабандоз жеңіл жарақаттармен құтылды. «Тежегішті басу мүмкін болмады. Біз сағатына 40-50 шақырым жылдамдықпен жүрдік. Соқтығысудан құтылу мүмкін емес еді. Бағыма қарай, қатты зардап шеккен жоқпын. Қазір денем аздап ауырады. Бүгін дәрігерге қаралмақпын, жексенбіге дейін жағдайым жақсаратын шығар», — дейді Гаспоротто.

Сондай-ақ, итальяндық велошабандоз аталмыш жағдайда Дзанинидің жүк көлігі жүргізушісін зақымдап алмауын қатты уайымдағанын алға тартты. «Мен үшін алдағы апта жыл ішіндегі маңызды күндерге айналмақ. Сондықтан жаттығуларға да мықтап кіріскен едім. Жүк көлігінің жүргізушісіне бұл менің жұмысым, велосипедке еріккеннен отырмайтынымды түсіндірдім. Дауыс та көтеруге тура келді. Бірақ ол біздің кәсіби спорттағы барымызды салатынымызды түсінбейді».

«Астана» құрамасынан «Амстел Голд Рейс» көп күндік веложарысына қатысатындар:

1. Якоб Фульсанг (Дания)
2. Энрико Гаспаротто (Италия)
3. Франческо Гавацци (Италия)
4. Андрей Гривко (Украина)
5. Максим Иглинский (Қазақстан)
6. Алексей Луценко (Қазақстан)

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера