— 93 елордалық мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда. Онда әрлеу жұмыстары жүргізіліп, едендер мен шатырлар жаңартылды, бейімдеу жағдайын құру, аумақты абаттандыру жүргізілді. №29 және №52 мектептер күрделі жөндеуден өтті, — деді Д.Жекебаев.
Нақтырақ №29 орта мектепте былтыр өрт салдарынан зардап шеккен. жаңадан салынған бөлік пайда болады. Ғимараттың шатырында акт залы мен асхана орналасқан болатын, алайда тоқ сымдарының түйісуі салдарынан өртеніп кетті. Осы жазда құрылысшылар жаңа бөлігін салып, инженерлік жүйе тартылды, жаңа есік-терезелер салынды. Білім күні қарсаңында мектепте барлық жөндеу жұмыстар аяқталады.
Тамыздың аяғында астаналық білім, денсаулық сақтау басқармаларының, төтенше жағдайлар департаменті мен қоғамдық денсаулықты бақылау департаментінің басшылары енген жұмыс тобы елорданың барлық білім мекемелерін тексеруді аяқтайды. Қалалық комиссия мектептерді білім нысандарын дайындау жоспар-тапсырмасына сай жаңа оқу жылына қабылдайтын болады.
Д.Жекебаевтің сөзінше, ата-аналардан сыныптарды жөндеуге ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
-Барлық ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті немесе басқа да жұмыстар үшін қаражат қалалық бюждет есебінен жүзеге асты, — дейді Д.Жекебаев.