Ресейлік дипломаттың сөзіне қарағанда, Астанадағы бірнеше кездесуден соң Мәскеу, Анкара және Тегеран жоспардың кейбір тұстарын келістіріп жатыр.
Сирияда сейсенбі күні қарулы оппозиция мен күрд отрядтары Раккаға шабуыл операциясын жалғастырды. Бұл қаланы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының ұясы деп санайды.
АҚШ басқаруындағы халықаралық коалицияның мәлімдеуінше, жихадшылар шабуылдаушы әскерге қарсылық көрсетіп жатыр.
"Ислам мемлекеті" Ракка қаласын 2014 жылдан бері басқарып отыр. "Сирия демократиялық күштердің" Ракка қаласына шабуылы 2016 жылдың қараша айында басталған еді.