Астана smart қалаға айналмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.44
  • 545.65
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана smart қалаға айналмақ

Астана smart қалаға айналмақ

Астана қаласының мәслихаты кезектен тыс сессияда жасанды интеллект арқылы қалалық инфрақұрылымды дамытатын жобаны талқылады

  • 14 Ақпан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отырыста «Астана қаласының жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқару шешімі» жобасы таныстырылды.

Жоба 2025-2030 жылдарға арналған.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

— Қаланы басқару тиімділігін арттыру;
— Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіп деңгейін арттыру;
— Жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту;
— Smart City инфрақұрылымын құру.

Инфрақұрылым қалай жаңғыртылады: 

• 10 000 заманауи бейнебақылау камерасын орнату;
• 502 заманауи аппараттық-бағдарламалық кешенді жолдарға орнату;
• 8 000 бейнебақылау камерасын әлеуметтік нысандарға біріктіру (жекеменшік балабақшалар, мектептер, вокзалдар, әуежай, LRT);
• Үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету;
• Байланыс арналарын оптикалық-талшықты желілер (ВОЛС) арқылы ұйымдастыру;
• Деректерді өңдеу орталығын құру;
• Қаланың жедел және коммуналдық қызметтері үшін бірыңғай ахуалдық орталықты ұйымдастыру.