Жарияланды: 660

Астана: сот ғимаратында арнайы жасақ қопарылғыш қондырғыны іздеді

Астана ІІД арнайы мақсаттағы «Арлан» жасағының жауынгерлері жұма күні Алматы аудандық сотының және «Сарыарқа» аудандық салық комитетінің ғимараттарында бомба іздеп, бірақ қопарылғыш қондырғымен шатастырылған газетке оралған түйіншек қана тапты, деп Астана ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«9:50 сағатта Астана ТЖД бөлімшесіне ІІД ОБО (оперативтік басқару орталығы) кезекшісі Қалиевтен сот ғимаратының дәлізінде скотчпен оралған газет түйіншек жатқаны туралы хабар келіп түсті», - делінген ТЖД жұма күні таратқан хабарда. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, оперативтік-тексеру шаралары барысында Астана ІІД «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері Сарыарқа салық комитетінің құжаттар қабылдау терезесінің алдында мөлшері 40х50 болатын, ішіне газет толтырылған пакет жатқанын анықтаған. «Қопарылғыш қондырғы туралы ақпарат расталмады», - делінген ақпараттық баянда. Баспасөз қызметі 10:23 минутта дабылға тоқтату жарияланғанын айтады. Агенттік дереккөзінің мәліметтерінше, «пакет осы сотқа арналған, жәй ғана қызметпен бір ғимаратта болған». «Сот қызметкерлерінің ғимараттан эвакуацияланғандарының санын мен айта алмаймын», - деді агенттікке сот кезекші хатшысы Әсель Арапбекова. Сондай-ақ салық комитетінің қызметкерлері мен салық төлеушілерді де эвакуациялады деп хабарлады агенттікке. «Бүгін осы сотта мына жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады», - деді агенттік тілшісіне сот жасауылдарының қауіпсіздік комитетінің өкілі. Астанада Алматы аудандық соты мен Сарыарқа аудандық салық комитетінің ғимараттары Республика даңғылында орналасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть