Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті.
«Турнирдің қорытындысы бойынша астаналықтар екі алтын, бір күміс және бір қола медальдің иесі атанды. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, барлығы тоғыз команда қатысты», — делінген хабарламада.
Елордалық №6 ОРМБЖСМ тәрбиеленушісі Сұлтан Ниязов бірден екі санат бойынша: кросс-кантри элиминатор (басып озу жарысы) және кросс-кантри критериумда бірінші орынға шықты. Тағы бір жүлделі орынды елордалық №6 ОРМБЖСМ тәрбиеленушісі Владислав Филипович алды. Оған бұл жарыста қола медаль бұйырды.
Кросс-кантри олимпик жарысында екінші орын тағы да астаналық велошабандоз Сұлтан Ниязовтің еншісінде.
Ұпай саны бойынша Астана командасы (169 ұпай) бірінші орынға көтерілді. Бұл спортшылар үшін де, жаттықтырушылар үшін де үлкен жетістік, деп санайды басқармадан. Екінші орынға 15 ұпай кейін қалған Алматы облысы табан тіресе, үшінші орын 78 ұпаймен Солтүстік Қазақстан облысының еншісіне тиді.
Енді спортшылардың алдында тағы да бір маңызды бәсеке тұр. Атап айтқанда, 23-28 мамыр күндері аралығында «Сарыарқа» велотрегінде Жастар ойыны аясында тректегі веложарыс өтеді.