Астана ТМД-дағы ең жайлы қала деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана ТМД-дағы ең жайлы қала деп танылды

Астана ТМД-дағы ең жайлы қала деп танылды

Астана ТМД-дағы ең жайлы қала деп танылды, деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 3 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның табыстарының ішінде Астана айрықша орын алады. Бүгін елордада өтіп жатқан Астананың келешектегі дамуы мәселесіне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Біздің еліміз биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелейді. Атап айтқанда, біз бұл атаулы күнді мерекелеп, біздің табыстарымыз жайлы айтатын боламыз. Осы табыстарымыздың ішінде Астана айрықша орын алады»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде, Астана ТМД елдерінің ішінде қолайлы қалалардың бірі ретінде аталғанын, сондай-ақ халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының байқауы нәтижесінде Астана ТМД-ның 81 қаласының ішінде үздік елорда болып танылғанын жеткізді. Президенттің сөзіне қарағанда, 2003 жылдан бері елордада өңірлік жалпы өнім 16 есеге өскен.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы, Астана даму индексі бойынша елімізде жоғары көрсеткішке ие екендігін айтты. Яғни, елордада еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда, бала өлімі 2 есеге төмен, ал бала туу соңғы 10 жылда 2,5 есеге артты. Жалпы өлім-жітім 1,5 есеге төмендеді. Сондай-ақ, халықтың табиғи өсімі 6 есеге өсті. Өмірдің орташа ұзақтығы 74 жасқа жетті. Осы орайда Мемлекет басшысы елорданың медициналық кластері табысты жұмыс атқарып жатқандығын ескеріп өтті.

Соңғы жаңалықтар