Астана түбіндегі оқу-жаттығуларға арналған полигонда граната жарылу салдарынан 15 адам жараланды, олардың бесеуі ауыр халде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана түбіндегі оқу-жаттығуларға арналған полигонда граната жарылу салдарынан 15 адам жараланды, олардың бесеуі ауыр халде

Астана түбіндегі оқу-жаттығуларға арналған полигонда граната жарылу салдарынан 15 адам жараланды, олардың бесеуі ауыр халде

Астана маңындағы атыс дайындығына арналған біріккен оқу орталығы аумағында оқ-дәрі жарылуы салдарынан 15 жауынгер жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Мамыр 2004
  • 478
Фото - Caravan.kz

Жарылыс 17-мамыр күні ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің бір әскери бөлімшесінде атысқа дайындық барысында болған. Полигон аумағынан жауынгерлер тауып алған ГП-25 гранатометының 40 миллиметрлік оқ-дәрісі жарылған. Жарылыс салдарынан 15 адам жараланды, олардың бесеуі ауыр халде. Зардап шеккендер арасында екі қатардағы әскер, екі кіші сержант пен аға лейтенант бар.

ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, атыс алдындағы тазарту жұмыстары барысында полигон аумағынан тауып алынған оқ-дәріні жауынгер жасырып қалуға тырысқан сыңайлы. Алайда, күтпеген жерден оқ-дәрі жарылып, әскердің қолын жұлып кеткен.
Қазір ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті бұған дейін атыстар өткізген қандай күш құрылымы оқ-дәріні қалдырып кетті дегенді анықтау үстінде.
Атыс дайындығына арналған біріккен оқу орталығында Астанадағы барлық күш құрылымдары атыс және басқа да тактикалық дайындық түрлері бойынша сабақтар өткізеді.

Соңғы жаңалықтар