Астана Тұңғыш президент күнін атап өтуге әзірленіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Тұңғыш президент күнін атап өтуге әзірленіп жатыр

Астана Тұңғыш президент күнін атап өтуге әзірленіп жатыр

Астанада 1-желтоқсан - Тұңғыш президент күніне қызу дайындық жүріп жатыр.

  • 9 Қараша 2012
  • 556
Фото - Caravan.kz

Мереке қарсаңында елордада түрлі жарыстар, байқаулар, көрмелер мен концерттер өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, Оқушылар сарайында елордалық мектептердің үздік оқушылары арасында байқау өтеді. Байқау 20-қарашакда аяқталады.
Қарашаның 16-сы мен елтоқсанның 5-і аралығында Тәуелсіздік сарайында қазақстандық суретшілер Владимир Курилов пен Шүкір Шахайдың фотокөрмесі өтеді. Оған фотосуретшілердің тұңғыш президентке қатысты фотосуреттері қойылмақ.
Ал, қарашаның 20-сы мен желтоқсанның 20-сына дейін Астана кітапханаларында «1-желтоқсан — Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күні» атты кітап көрмесі өтеді.
Мейрамға орай 26-қараша күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 10 мың теңгелік төлем карточкаларын табыстау шарасы басталады.
«1-желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары режиссер Р.Әбдірашевтің «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмін тамашалап, Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана» эстрадалық-симфоникалық оркестрінің өнеріне тәнті болмақ.
Астана билігінің хабарлауынша, іс-шараға елордалық мектептердің құрама командалары арасында кешенді спорт және ойын-сауық эстафетасы нүкте қоймақ. «Президент сынағы» деп аталатын жарыс «Астана-арена» алаңында өтеді.
«Мерекелік көңіл-күй барлық жерде сезіледі. Сол күні балалар үйлерінің тәрбиеленушілері «Алау» мұз сарайына барады. Елорда халқы сауда орталықтарындағы жеңілдіктерді пайдаланса, 1-желтоқсанда туған балаларға сыйлықтар беріледі», — делінген хабарламада.
Биылдан бастап елімізде 1-желтоқсан — Тұңғыш президент күні мерекесі ретінде атап өтілмек. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік мереке болып саналатын бұл күні Қазақстан халқы демалады.

Соңғы жаңалықтар