«Постамат — бұл төлем терминалдары қойылған почта жәшіктері. Пошта автоматында клиент тапсырыс тауарын алып немесе қызмет көрсететін персоналдың көмегінсіз сәлемдемелер жөнелте алады. Сондай-ақ, постамат арқылы каталогтар мен интернет-дүкендерден тапсырыспен тауарлар алуға болады. Олар тәулік бойы жұмыс істейді және ешқандай адам қызметінің қатысы болмайды», — делінген хабарламада.
Постамат желілері Еуропада кеңінен таралған. Алғашқы постаматты шығарған австриялық Keba фирмасы. 2004 жылы ол сатуға шығарылды, содан кейін сәлемдемелік автоматтарды өзінің пошталық желілерінде Германиядағы DHL фирмасы пайдалана бастады. Онда бүгінде 4,5 мыңнан астам постамат бар деп есептеледі.
Елордалық почтамтта хабарланғанындай, алдағы уақытта республика бойынша барлық пошта бөлімшелеріне 200-ден астам постамат сатып алынып, орнатылуы жоспарланған.