Бұл туралы бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
“Біз қазір бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Шамамен 2-3 апта ішінде тұрғындардың барлық санаты үшін жұмыстың басталу уақытын өзгертуге қатысты шешім қабылдаймыз. Яғни, жолдағы кептелісті азайтуға тырысамыз, сағат таңғы 8-9-да бүкіл қала бір уақытта жұмысқа шықпас үшін уақытты өзгертпекпіз”-деді әкім орынбасары.
Естеріңізде болса, мұндай мәселе бір жылдан бері айтылып келеді. 2015 жылы Астанадағы кептілісті азайту үшін "Астана ЛРТ" ЖШС басшысы да осындай ұсыныс айтқан болатын.