Астана тұрғыны бірегей құрылғы арқылы «қазақстандық Лионель Мессиді» іздеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны бірегей құрылғы арқылы «қазақстандық Лионель Мессиді» іздеуде

Астана тұрғыны бірегей құрылғы арқылы «қазақстандық Лионель Мессиді» іздеуде

Елордадағы  жекеменшік емхананың иесі Женеш Халимулин адам ептілігін өлшеу құралын ойлап тауып, оны танымал футболшы Лионель Мессидің құрметіне «мессиметр» деп атаған. Енді энтузиаст Қазақстанда дарынды футболшыларды анықтау үшін арнайы кастинг өткізбекші.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 488
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық футбол құрамасының «Астана-Арена» стадионында Исландия командасынан 0:3 есебімен жеңілгені Женеш Халимулинді қатты ренжіді. Оның айтуынша, қазақстандық футболды тек «мессиметр» құтқара алады.

«Бұлшықеттерге олардың реакциясы мен жылдамдығын өлшейтін импульстық тетіктер бекітіледі. Бұл құралды пайдалана отырып, адамның алаңда қаншалықты жылдам болатынын анықтауға болады. Қажеттілік туындаған жағдайда бұл құралдар арқылы «өзіміздің Мессиімізді» табу үшін бүкіл Қазақстан тұрғындарын тексеруге болады», — дейді ол.

Өнертапқыш Қазақстанның бірнеше аймағында тестілеу өткізіп үлгерді. Ақтөбеде ол реакциясы өте жылдам сантехникті тапты. Оны «Манчестер Юнайтед» командасының капитаны Уэйн Руниден кем түспей отыр. Ал Ақмола облысының Тастакелді ауылында Женеш Халимулин аргентиналық шабуылшы Карлос Тевестен жүз ұпай алда бола алатын жылқышыны тапқан — деп жазады "Экспресс К" басылымы.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера